Константин Цзюдың ұлы Головкинмен жекпе-жек өткізуді армандап жүр

294

Фото: Prosports.kz.Орта салмақтағы австралиялық боксшы Тим Цзю (17-0, 13 КО) орта салмақтағы IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге (41-1-1, 36 КО) қарсы жекпе-жек өткізуді армандайды.

«Головкинмен жекпе-жек өткізу менің арманым. Ол соңғы бес-алты жылда менің кумирім болды. Алдымен ол қол жетпеспес армандай көрінді, бірақ кейін: «Бағымды сынап, неге жұдырықтасып көрмеске», - дедім. Оның жасы 30-дан асып кетті. Бірақ біз Австралияда керемет шоу ұйымдастыра аламыз. Сондықтан бәрі мүмкін», - деді Цзю.

Цзюдің келесі жекпе-жегі 31 наурызда өтеді. Ол бұрын бірінші орта және орта салмақта чемпиондық атаққа үміткер болған Деннис Хоганмен (28-3-1, 7 КО) кездеседі.
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.