Қазақстандық жасөспірім теннисшілер халықаралық турнирлерде топ жарды

2 527

Фото: ҚТФҚазақстандық жасөспірім теннисшілер ITF турнирлерінде сәтті өнер көрсетті. Айя Нұпбай жұптық сында ITF J200 Juniors Almaty жарысының чемпионы атанды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Алматыда Айя ресейлік Полина Кухаренкомен бірге финалда қазақстандық Полина Слепцова – америкалық Амина Салибаеваны 6:1, 6:4 есебімен жеңді.


Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында ITF J60 Juniors додасы мәресіне жетті. Мұнда София Исакова жекелей сында отандасы Ариана Колбасинадан айласын асырды – 6:1. 


Бір апта бұрын осы Шолпан-Атада София жекелей сында ITF J30 турнирінде үздік шыққан еді. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.