Боксшыларымыз Белградтағы бәсекені жеңіспен бастады

2 567

Фото: instagram.com/boxingkazakhstanБоксшыларымыз Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан “Бранко Пешич” атындағы дәстүрлі турнирді жеңіспен бастады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Боксшыларымыз Белградтағы "Белград жеңімпазы" халықаралық турнирін жеңіспен бастады. Алғашқы жекпе-жегінде ринг қожайыны Антонио Биссетті айқын басымдықпен жеңген 71 келідегі Сабыржан Аққалықов екінші кездесуінде де жеңіске жетті. Ол венгриялық Ромео Бузаны ұтса, 80 келідегі Ерасыл Жақпеков Идрис Айтханнан айласын асырды. 75 келі салмақта сынға түскен Диас Молжігітов те жарысты жарқын жеңіспен бастап, келесі кезеңге өтті.


Айта кетейік, бұл додада үш боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды. 63,5 келідегі Ерасыл Таңқай армениялық Нарек Хоранисянға, 86 келідегі Темірлан Мұқатаев 2023 жылғы әлем чемпионы, ресейлік Шарапутдин Атаевқа есе жіберді. Одан бөлек, 57 келідегі Оразбек Асылқұлов та ресейлік Эдуард Савиннен айласын асыра алмады.