«Күреске тоймай кетіп барамын». Дәулет Ниязбеков спорттық мансабын аяқтады
260
Еркін күрестен Қазақстан құрамасының капитаны Дәулет Ниязбеков спорттық мансабын ресми түрде аяқтады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24"арнасына сілтеме жасап.
Бұл ақпаратты құраманың бас бапкері Әсет Серікбаев хабарлады. Дәулет Ниязбеков спорт мансабының аяқтауына байланысты Olympic.kz сайтына пікір білдірді.
«Токио олимпиадасында алған жарақатым оңай соқпады. Күреске еш ренішім жоқ. Шабатын жерге дейін шаптым. Күреске ықыласымды оятқан, жолымды ашқан, бар білгенін үйреткен жаттықтырушыларыма алғыс айтқым келеді. Иә, күреске тоймай кетіп барамын. «Олимпиада жүлдесін алсам» деген арманым орындалмады. Бірақ денемнен шығатын тердің бәрін сығып, барымды салып кетіп бара жатырмын деп ойлаймын. Осы дәрежеге жеткенім үшін де Аллаға шүкір», – деді Дәулет Ниязбеков.