Головкин Канеломен үшінші рет жұдырықтаспақ

348
Жерлесіміз Генадий Головкин мек мексикалық Канеломен үшінші рет жекпе-жекке  түсуге қол қойды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

 USA Today Sports+ мәліметінше, трилогия 17 қыркүйекке жоспарланған. Жекпе-жек екінші орта салмақ дәрежесінде (168 фунт) өтеді. Бұған дейін Альварес төрт титулды сарапқа салатыны айталған болатын.

Жекпе-жек Лас-Вегаста өтуі мүмкін. Головкин мен Канелоның алдыңғы екі жекпе-жегі де осында өткен болатын. Еске салайық, бірінші кездесуде екі боксшы тең түсіп, қарымта кездесуде мексикалық жеңіске жеткен еді.

Трилогияға дейін екі боксшы да көктемде өтетін жекпе-жегінде жеңіске жетуі керек: Головкин сәуірде супер орта салмақта WBA чемпионы жапон Риота Муратамен кездеседі, ал Канело мамырда ресейлік Дмитрий Биволмен жұдырықтасады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.