Бейбіт Жұқаев Мексикадағы жарысты ширек финалда жалғастырады

2 548

Фото: Қазақстан теннис федерациясыҚазақстандық, әлемнің 201-ракеткасы, 23 жастағы Бейбіт Жұқаев Мехико (Мексика) челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жарыстың 5-ракеткасы Б.Жұқаев екінші айналымда рейтингіде 685-сатыда тұрған мексикалық, 18 жастағы Родриго Пачеко Мендеспен бетпе-бет келді.


Бұл жолы Бейбіт 1 сағат 13 минутқа созылған матчта қарсыласынан 6:3, 6:4 есебімен айласын асырды. Жұқаев осы уақыт ішінде 17 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың екеуін пайдаланып үлгерді. Корт иесі 2 эйспен шектелді.


Бейбіт алғашқы ойында 19 эйспен көзге түскен еді.


Б.Жұқаев жартылай финалға шығу үшін әлемнің 212-ракеткасы, канадалық Алексис Галарномен сынға түседі.


Қазақстандық спортшы ATP Live рейтингісінде ТОП-200-ге қайта кіріп, 190-орынға көтеріліп тұр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.