Михаил Кукушкин Ұлыбританиядағы турнирдің ширек финалына шықты

2 528

Фото: ФТКҚазақстандық, әлемнің 136-ракеткасы Михаил Кукушкин Сурбитон (Ұлыбритания) челленджер турнирінің ширек финалына шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 308-орында тұрған корт иесі Пол Джубке қарсы келді.


Бірінші партияда ұлыбританиялық спортшы айқын басымдылық танытты – 6:1. Дегенмен бұдан кейін Кукушкин камбэк жасай білді – 6:3, 6:2.


Екі сағатқа жуық уақытқа созылған бәсекеде Кукушкин 3 эйс, 4 брейкпен (10 брейк-пойнт) көзге түсті. Джубб 3 эйс, 3 брейкке (7 брейк-пойнт) қол жеткізді.


Михаил Кукушкин жартылай финалға шығу үшін әлемнің 201-ракеткасы, тағы бір ұлыбританиялық Билли Харриспен таласады. 


Рейтингіде 171-орында тұрған Бейбіт Жұқаев 1/8 финалда әлемнің 105-ракеткасы, аустралиялық Джеймс Даквортты ұта алса, ол да ширек финалға жолдама алады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.