Токиода "қола" алған Дархан Асәділовті әйгілі Қажымұқанның немересі жаттықтырған
460
Кеше Дархан Асәділов Токио Олимпиадасында каратеден қазақтан шыққан тұңғыш жүлдегер атанғанына куә болдық. Барша қазақ елін қуантқан спортшының жаттықтырушысы, әйгілі Қажымұқанның немересі Шаттық Қажымұқан Дарханның жетістігіне риза екенін айтты.
Жаттықтырушының айтуынша, Асәділовтің өнер көрсетуіне оның көңілі толған. Сондықтан, елге қола медаль алып берген спортшының жетістігіне риза екенін жеткізді.
"Бұл тарихымыздағы алғашқы Олимпиада. Көп уақыт бойы дайындалдық, жаттықтық. Бұл спорт түрі Олимпиада ойындары қатарына енген кезде, спортшылар да, жаттықтырушылар да қатты қуандық", - дейді Шаттық Қажымұқан.
Оның сөзінше, Олимпиадағы қатысу үшін іріктеу оңай болмаған.
"Ол 60 келідегі салмақта өнер көрсетеді. Бұған қоса 67 келі салмақтағы ойыншыларды да қосып тастады. Сонда 200 спортшының ішінен 11-і ғана іріктеліп алынды. Солардың ішінде Дархан "қола" алып отыр. Бұл жақсы нәтиже. Әрине, "генерал болуды армандамайтын солдат" болмайды. Сондықтан, Олимпиадаға барған спортшылардың барлығы да жеңістен дәмелі. Мен де үміттеніп, дұғада болдым. Құдайға шүкір, медаль алдық. Тарихтағы алғашқы медаль", - дейді Шаттық Қажымұқан.
Шаттық Қажымұқанның айтуынша, Дархан спортқа жеті жасында келген. 2001 жылдан бастап оны өзі жаттықтыра бастаған.
Айта кетейік, Шаттықтың өзі әйгілі Қажымұқан Мұңайтпасовтың немересі әрі халықаралық санаттағы спорт шебері, Қазақстанның бірнеше мәрте чемпионы, Азия ойындарының күміс жүлдегері. 2006 жылы спорттық мансабын толығымен аяқтап, жаттықтыру ісін қолға алған.
Еске салсақ, кеше, 5 шілде күні каратеші Дархан Асаділов Қазақстан қоржынына жетінші қола жүлдені салды. Отандасымыз жартылай финалда франциялық спортшыға есе жіберді.