Қазақ боксшылары Азия чемпионатында жартылай финалға өтті

2 028

Фото: instagram.com/boxingkazakhstanСауд Арабиясының Әл-Айн қаласында өтіп жатқан бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстанның алты боксшысы жартылай финалға жолдама алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

 Турнирдің бесінші күні ширек финалдық жекпе-жектер өтіп, Қазақстан намысын тоғыз боксшы қорғады. Олардың алтауы жартылай финалға өтіп, кем дегенде қола жүлде иеленуге мүмкіндік алды. Үш жекпе-жекте қазақ бокшылары өзбекстандықтармен жұдырықтасып жеңіске жетті. 

      Жекпе-жектердің нәтижесі:

  1.  49 кг. Адият Маржықбаев (Қазақстан) – Агарзандан Батхияк (Моңғолия) 1:4; 
  2. 52 кг. Лакшай Будхвар (Үнді) – Нұрислам Оңғарбек (Қазақстан) 0:5; 
  3. 55 кг. Әбдімансұр Жақсылық (Қазақстан) – Матвий Шватко (Украина) 4:1;
  4.  58 кг. Кирило Хорбунов (Украина) – Мейіржан Жүніс (Қазақстан) 3:2; 
  5. 61 кг. Әлимран Әлиев (Қазақстан) – Бектош Рахимжанов (Өзбекстан) 5:0;
  6.  64 кг. Төрехан Қанатбай (Қазақстан) – Саиднаби Ботыров (Өзбекстан) 5:0; 
  7. 67 кг. Юнус Салихов (Украина) – Нұрасыл Оразали (Қазақстан) 4:1;
  8.  70 кг. Мансұр Амантай (Қазақстан) – Тақи Әльқбаши (Ирак) 5:0; 
  9. +70 кг. Фарходжон Бахадиров (Өзбекстан) – Жәдігер Мүсірәлі (Қазақстан) 1:4.

 Еске салайық, Төрехан Сабырхан бастаған қазақ боксшылары Ресейдің Чита қаласында өткен Еуразия кубогында 13 медаль жеңіп алған еді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.