Боксшы Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы белгілі болды

2 702

Фото: instagram.com/janibek_alimkhanulyIBF және WBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) өз титулдарын француздық боксшы Анауэль Нгамиссенгеге (14-0, 9 КО) қарсыласады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл жекпе-жек 2025 жылы 5 сәуірде Астанада өтеді. Жәнібек Қазақстанда соңғы рет 2017 жылы кездесу өткізген еді.

Турнирді ұйымдастырумен қазақстандық Nomad Promotions компаниясы айналысады. Ал жекпе-жектің трансляциясы ESPN+  платформасында қолжетімді болады.

31 жастағы Әлімханұлы бұл жекпе-жекте WBO титулын бесінші рет, ал IBF белбеуін екінші рет қорғайды.

Отандық спортшы соңғы рет 2024 жылдың қазанында шаршы алаңға шыққан. Ол жаңа зеландиялық Андрей Михайловичті тоғызыншы раунда техникалық нокаутпен жеңген.

28 жастағы Анауэль Нгамиссенге спорттық мансабында алғаш рет әлем чемпионы атағы үшін күреседі. Сондай-ақ тұңғыш рет 12 раундтық жекпе-жекке шығады. Ол ESPN-нің орта салмақтағы ТОП-10 рейтингінде болғанымен, жоғары деңгейдегі қарсыластармен кездеспеген. 2024 жылдың маусым айында Анауэль Сандро Джаджанидзені үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңген.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.