"Ордабасы" Еурокубокпен қош айтысты

2 310

Фото: https://www.instagram.com/fc__ordabasy/2025/26 жылғы маусымдағы УЕФА Конференция лигасында Қазақстан атынан сынға түскен шымкенттік "Ордабасы" турнирмен қоштасты. Екі кездесудің қорытындысы бойынша біздің команда грузиндік "Торпедоға" жол берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Шешуші ойын Шымкентте өтті. Кездесудің 13-минутында Ираклий Бидзинашвили қонақтарды алға шығарса, матчтың соңғы сәтінде — 90+6-минутта Абылайхан Жумабек таразы басын теңестіріп, ел намысын қорғаған командаға үміт сыйлағандай болды. Бірақ бұл нәтиже "Ордабасыны" келесі кезеңге алып шықпады.

Айта кетерлік жайт, 49-минутта қонақтар сапындағы Соломон Кверквелия алаңнан қуылып, шымкенттіктер ойынның көп бөлігін бір ойыншымен артық өткізді. Дегенмен, бұл артықшылық толық пайдаланылмай, "Ордабасы" бірнеше мүмкіндікті мүлт жіберді.

Алғашқы ойын Кутаисиде өтіп, онда алаң иелері 4:3 есебімен жеңіске жеткен болатын. Қос матчтың қорытындысы – 5:4. Осылайша, "Торпедо" келесі кезеңге өтсе, "Ордабасы" үшін еуромаусым аяқталды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.