Қазақстандық спортшы үстел теннисінен чемпион атанды

1 533

Фото:ҰОКҚазақстандық теннисші Ислам Ынтымақтастық ойындарында алтын медаль жеңіп алды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастық ойындарында Қазақстанның үстел теннисінен ерлер құрамасының үздігі Кирилл Герасименко финалда Мысыр спортшысы Омар Ассарды жеңіп, алтын медаль иеленді.

Матч 4:1 есебімен аяқталды (11:5, 11:8, 6:11, 13:11, 11:3). Герасименко Олимпиададағы кездесудегі жеңілісінен кейін қарымта алғанын атап өтті. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.