Қазақстандық спортшы әлем чемпионатында рекорд орнатып, ТОП-10 қатарынан көрінді.

2 515

Фото: Ұлттық олимпиада комитетіНадежда Морозова Нидерландтың Херенвен қаласында өткен конькимен жүгіруден классикалық көпсайыс бойынша әлем чемпионатында үздік ондықтың қатарына кірді,-деп хабарлайды opennews.kz ақпараттық агенттігі baq.kz порталына сілтеме жасап.

 Қазақстан құрамасының өкілі 500 метр қашықтықта үшінші нәтиже көрсетіп, жарысты сәтті бастады. Кейін 3000 метр қашықтықта оныншы болып мәреге жетті. 1500 метрлік жарыста Морозова алтыншы орын алып, 24 спортшының арасынан үздік сегіздікке енді. Осы нәтижесінің арқасында ол 5000 метр қашықтықтағы финалдық кезеңге жолдама алды. 5000 метрде Қазақстандық спортшы жетінші орынға тұрақтап, әлем чемпионатын жалпы есепте жетінші орынмен аяқтады. Оның қорытынды көрсеткіші – 160.435 ұпай. 

Әлем чемпионы атағын норвегиялық Рагне Виклунд (157.457 ұпай) жеңіп алды. Күміс медаль нидерландтық Марейке Груневаудке (158.086) бұйырды. Ал жапониялық Михо Такаги қола жүлдегер атанды. Айта кетейік, көпсайыс нәтижесі барлық қашықтықтағы көрсеткіштер бойынша жиналған ұпайлар арқылы анықталады. Ең аз ұпай жинаған спортшы жеңімпаз атанады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.