Дастан Сәтпаевтың голы «Қайратқа» жеңіс әкелді

2 530

Фото:© "Қайрат" ФК"Қайрат” пен “Ақтөбе” командалары Қазақстан Премьер-Лигасы-2026 маусымының екінші турындағы орталық матчта кездесті,- деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі Sn.kz ақпарат порталы.

Ойын Алматыдағы Орталық стадионда өткен. Кездесуге қостанайлық төреші Санжар Искаков бастаған төрешілер бригадасы болған. Матч барысында екі команда да қауіпті шабуылдар ұйымдастырған. Бірінші таймда қонақтарды бірнеше рет қақпашы Александр Заруцкий құтқарып қалған. Алаң иелері ойын барысында басымдық танытқанымен, үзіліске дейін гол соға алмаған. Екінші таймда алаңға шыққан Дастан Сәтпаев ойын тағдырын шешкен.

 Ол қарсылас ойыншысы Даниэль Сосадан допты тартып алып, “Қайратқа” жеңіс әкелген жалғыз голды соққан. Қорытынды есеп - 1:0.  Осы жеңістен кейін “Қайраттың” еншісінде алты ұпай болған.  Ал “Ақтөбе” үш ұпаймен қалған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.