Төрехан Сабырхан: Иорданиялық қарсыласымнан есе қайтаратын уақыт келді

2 517

Фото: Нұрғали ЖұмағазыҚазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының финалына жолдама алды. Спортшы жартылай финалда өзбекстандық боксшы Шавкатжон Болтоевқа қарсы жарқын жеңісінен кейін, ақтық сында кіммен жұдырықтасқысы келетінін айтты, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Төрехан жартылай финалда жеңіліс тапқан ағасы Махмұд Сабырхан туралы пікір білдірді.

— Махмұд екеуіміз бірге жеңіске жетіп, бірінші орыннан көрінеміз деп үміттенген едік. Алайда, жарыс нәтижесі өздеріңіз көргендей болды. Өкінішті, әрине, бірақ біз тоқтамаймыз. Бізге қолдау көрсетіп, жақсы тілек тілеп жатқан Қазақ еліне, барлық жанкүйерге рақмет, — деді боксшы.

Оның айтуынша, бапкерлері жартылай финалдағы өзбекстандық қарсыласына қойған тактикасы өз нәтижесін берген.

— Өзбекстандық боксшыны жақсы білемін. Осының алдында Шымкенттегі оқу-жаттығу кезінде оған қарсы спарринг өткізген едім. Бапкерлерім қойған тактиканы толық орындап шықтым, — деді ол.

Төрехан финалдық жекпе-жекте иорданиялық қарсыласына қарсы жұдырықтасып, есесін қайтарғысы келетінін жасырмады.

— Финалда кіммен болсада жұдырықтасуға дайынмын. Сэвон Окадзава және Зейяд Ишаиш екеуі де ескі қарсыласым. Ақтық сынға кім өтсе де жекпк-жекке дайынмын. Иорданиялық қарсыласымнан есе қайтаратын уақыт келді деп ойлаймын, — деді қазақстандық боксшы.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.