Мерей Базарбаев әлем чемпионы атанды

2 507

Фото: sport12.kzҚазақстандық балуан Мерей Базарбаев Лас-Вегаста (АҚШ) өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы 2026 жылғы әлем чемпионатында еркін күрестен алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Базарбаев түркиялық Бекир Кесермен белдесіп, 8:0 есебімен айқын жеңіске жетті.

Осылайша, Мерей Базарбаев әлем чемпионы атанса, Бекир Кесер күміс жүлдегер болды. Бұған дейін қазақстандық балуан амеркалық Люк Лилледаль мен Франция өкілі Расул Галбураевты жеңген еді.

Бұл – Қазақстан құрамасының осы әлем чемпионатындағы үшінші алтын медалі. Бұған дейін грек-рим күресінен Айбек Айтбеков (60 келі) пен Юсуф Ашрапов (72 келі) топ жарған болатын.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.