Төрехан Сабырхан Головкиннен асып түскісі келеді
Төрехан Сабырхан Олимпиада алтынын жеңіп, кәсіпқой бокста Геннадий Головкиннің жетістігінен асып түсуді көздейді. Бұл туралы Оpennews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сабырханның айтуынша, Олимпиада алтыны кәсіпқой бокста келіссөз жүргізгенде өз шартын қоюға мүмкіндік береді. Ол екі дүркін Олимпиада чемпионы Василий Ломаченконы үлгі етіп, жекпе-жек өткізетін қарсыласын өзі таңдауға ниетті екенін жеткізген.
Боксшы Головкиннің жекпе-жегін көру үшін таңғы бесте тұрған кездерін де еске алды.
Сабырхан 2025 жылы Софияда "Странджа" кубогын жеңіп, осы турнирдің үздік боксшысы атанған алғашқы қазақстандық болды. Сол жылдың сәуірінде Астанада Жәнібек Әлімханұлының бокс кешінде кәсіпқой рингке алғаш шығып, қарсыласын нокаутпен жеңді. Қыркүйекте Ливерпульде өткен World Boxing әлем чемпионатында алтын алып, Қазақстан боксы тарихындағы ең жас әлем чемпионы атанды.
2026 жылы Ұлан-Батырдағы Азия чемпионатында күміс жүлде алды. Кейін Жапониядағы Азия ойындарының финалында иорданиялық Зейяд Ишаиштан есе қайтарып, Қазақстанға ерлер боксынан 12 жылда алғаш рет Азия ойындарының алтынын әкелді.
Қаз
Рус






