Арман Әшімов NFC 23 турнирінде жеңіске жетті

298
Алматыда аралас жекпе-жектен Naiza Fighting Championship 34 турнирінде Арман Әшімов қарсыласын нокаутпен құлатты деп хабарлайды "Opennews.kz"   ақпарат агенттігі.
Турнирдің басты жаңалығы M1 Global-дың бұрынғы чемпионы Арман Әшімовтің октагонға қайта шығуы болды. Қазақстандық аралас жекпе жек шебері бірінші раундта әзербайжандық Серхан Валилиді нокаутқа жіберді. Осылайша, Арман екі жылдық үзілістен кейін ММА-ға жеңіспен оралды. Кештің басты жекпе-жегінде Ресейдің атынан өнер көрсететін қандасымыз Серік Разғалиев қырғызстандық Бекзат Исаковты бірінші раундта ұтты. Сонымен қатар, қазақстандық Мурад Абдурахманов та айқын басымдылықпен жеңіске жетті. Ол украиналық қарсыласы Станислав Шаболтасты 15 секундта нокаутқа түсірді. Тағы бір жерлесіміз Шыңғыс Қайранов төрешілер шешімімен тәжікстандық спортшы Асадулла Рустамовтан басым түсті. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.