Дамир Исмағұловтың UFC-дегі жекпе-жегі өткізілмейтін болды

214

Ресей Федерациясының атынан өнер көрсететін қазақстандық файтер Дамир Исмағұловтың жекпе-жегі болмайтын болды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Дамир Исмағұлов пен отандасы Магомед Мустафаев арасындағы жекпе-жек 30 қазанда UFC 267 жарысының аясында Абу-Дабиде өтуі керек болған. Салмақ өлшеу рәсімінде Дамирдің салмағы 74,1 келіні көрсетті. Ал Дамир өнер көрсететін салмақ дәрежесінің шегі 70,7 келі болуы керек.

Спортшының менеджері Саят Абдрахманов мәлімдегендей, Дамир Исмағұловтың салмақ өлшеу кезіндегі жағдайы жақсы болмаған. Оны таразы сүйемелдеп алып келген. Мустафаевқа қарсы кездесу өтпеуі мүмкін деді.

Кейінірек спортшының менеджері жекпе-жектің өтпейтінін хабарлады. 

"Салмақ қуу кезінже денсаулығымен мәселе туындап, жағдайы нашарлап кетті. Әрі қарай" салмақ қуудың маңызы болмады. Жекпе-жек белгілі жағдайларға байланысты өтпейді. Қазір Дамир біртіндеп өзіне келіп жатыр", - деді Абдрахманов.