Шавкат Рахмонов UFC-дегі кезекті жекпе-жегін өткізу үшін АҚШ-қа аттанды

381

Қазақстандық файтер Шавкат Шахмонов (16-0) келесі жекпе-жегін өткізу үшін АҚШ-қа аттанды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


UFC-дегі кезекті кездесу 14 қаңтарда Лас-Вегаста өтеді. UFC Fight Night 217 турнирі аясында отандасымыз Джефф Нилмен жұдырықтасады.  

Айта кетері Джефф Нил жартылай орта салмақ дәрежесіндегі рейтингте 7-орында тұр. Ал Шавкат Рахмонов 10-орында және бұған дейін UFC-де өткізген 4 жекпе-жекте де жеңіске жеткен. 
Соңғы жекпе-жекте Рахмонов қарсыласы Нил Мэгниді 2 раундта тұншықтыру әдісімен жеңген.