«Астана» шабандозы Словенияда үздік ондыққа енді

411

Фото: Prosports.kz.«Астана» велоспортшысы Фабио Феллине Словенияда үздік ондыққа енді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Жарыстың алғашқы кезеңі 165 шақырымға созылды. Оны бірінші болып польшалық Рафал Майка бағындырды. Уақыт көрсеткіші 4 сағат 2 минут 10 секунд. Екінші және үшінші сатыларға жергілікті спортшылар  Домен Новак пен Тадей Погачар жайғасты. 


Ал «Астана» командасынан ең тәуір көрсеткішке Фабио Феллине қол жеткізді. Ол жеңімпаздан 48 секундқа  қалып, мәре сызығын 10-шы болып кесті. Алда әлі 4 кезең бар. Спортшылар осы аралықта 791 шақырымды бағындыруы керек. «Словения турының» жалпы қорытындысы 20 маусымда белгілі болады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.