Қазақстан боксшы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін күтіп жүр

1 247
Қазақстандық боксшы, орта салмақта WBO Interim әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін күтіп жүр, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жәнібек Әлімханұлы Twitter -де өзінің нокауттарынан бейнеүзінді жариялап, «Келесі кім?» деген сұрақ қойды.

Күні кеше ғана WBO титулының иегері Деметриус Андраденің айқастан бас тартып, екінші орташа салмаққа көшетіні белгілі болды. Бұл автоматты түрде Жәнібектің мәртебесін WBO-ның орта дивизиондағы «уақытша» әлем чемпионынан «толыққанды» әлем чемпионы мәртебесіне көтереді. Осыған қатысты Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағына қатысты пікір білдіріп, «Ресми жаңалықты күтеміз» деп жазған болатын.