Гаухар Жанғазы 15 жасында әлем чемпионы атанды

574
Маңғыстау облысы Қарақия ауданының спортшысы Гаухар Жанғазы 15 жасында әлем чемпионы атанды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

16-18 қазанда Түркияның Анталья қаласында өткен қол күресінен әлем чемпионаты өтті.

«Әлем чемпионатына 54 елдің үздік спортшылары қатысып, Гаухардың еңбегі ақталып, чемпион болды. Ендігі кезекте Гаухарды ересектер арасындағы жарыстарға дайындап, алдағы уақытта сол жарыстарда үздік нәтиже көрсету үшін жұмыстанатын боламыз» дейді спортшының бапкері Мустафа Нарымбаев.

Гаухар Жанғазының спортпен айналысып жүргеніне 7-8 жылдай уақыт болды. Ол осы әлем чемпионатына 1 жыл дайындалған. Тыңғылықты жаттығудың арқасында әлем чемпионы атанды.

«Әлем чемпионаты өзіміз күткендей жоғары деңгейде өтті. Алға қойған мақсатыма жеткеніме қуаныштымын», - дейді Гаухар Жанғазы.