Гимнастшылар - ел чемпионатында үздік деп танылды

2 517

Фото:© Астана қаласының әкімдігіАстанада үш күнге созылған көркем гимнастикадан спорт шеберлері арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Чемпионатта көпсайыс бойынша Астана қаласының көркем гимнастары жоғары нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.

Ел біріншілігіне Қазақстанның 14 өңірінен келген 80-нен астам спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Жеке бағдарлама бойынша командалық есепте Астана қаласының құрамасы І орынды иеленді.

Команда құрамында:

- Ақмарал Ерекешева;

- Айбота Ертайқызы;

- Айым Мейіржанова;

- Дария Көшербаева.

Жеке бағдарламадағы көпсайыс финалында:

 -І орын – Ақмарал Ерекешева;

-ІІІ орын – Айым Мейіржанова.

 Топтық бағдарлама бойынша көпсайыс финалында №1 Ұлттық құрама командасы І орынға ие болды.

 Команда құрамында:

 - Жасмин Жүнісбаева;

- Аида Хәкімжанова;

- Кристина Чепульская;

- Мадина Мырзабай;

- Айзере Кеңес;

- Айзере Нұрмағамбетова.

Жарыс жеке және топтық жаттығулар бойынша өтті. Гимнастар шығыршық, доп, таспа және шоқпармен өнер көрсетсе, топтық жаттығуларда бірнеше композициялық бағдарлама ұсынылды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.