СЫР ТӨРІНДЕ ИРАН-ҒАЙЫПТЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ ӨТТІ
221
Сыр төрінде ақын, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының және "Парасат" орденінің иегері, "Платиналы Тарлан" тәуелсіз сыйлығының лауреаты Иран-Ғайыптың 75 жылдығына арналған "Топырағыңды басқаным, тау асқаным” атты шығармашылық кеш өткізілді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Кешке автордың жары Дариға Амангельдиева, ақын, филология ғылымдарының докторы, "Парасат", "Құрмет" орденінің иегері, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып, мәдениет саласының ардагері, ҚР Мәдениет қайраткері төсбелгісінің иегері Сәрсенкүл Ибрашова қатысты.
Шығармашылық кеште Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының актері Ербол Есендосов ақынның пьесаларынан монолог, драмалық шығармаларынан үзінділер оқып, көпшіліктің көңілінен шықты.
Кеш барысында Сыр өнерпаздары ақынның сөзіне жазылған ән-жырдан шашу шашты.
Иранбек (Иран-Ғайып) Оразбаев - 1947 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданында туған. Қазақ политехникалық институтының таукен факультетін (1970), Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы жоғары әдеби курсты бітірген (1980). Әр жылдары Қызылорда облысы «Білім» қоғамында референт, «Жазушы» баспасында редактор, «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясында поэзия бөлімінің меңгерушісі, ҚР Білім, мәдениет комитетінің редакциялықрепертуарлық коллегиясының бас редакторы қызметтерін атқарды. 1998 жылдан Қазақтың мемлекеттік Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар мен балалар театрының әдебиет бөлімін басқарды.
Алғашқы «Жүрек жырлайды» атты жыр жинағы 1974 жылы жарық көрді. Кейін «Тың құрбаны», «Хайуандық комедия», «Күшігінен таланған», «Мен ішпеген у бар ма?», «Батқан кеменің бейбақтары», «Желжуан», «Құдай қарғағандар», «Жамбылдың қызыл жолбарысы», «Негізгі шаруа», «Қанына тартқан қыңырлар», «Алтын адам», «Алтын ажал», «Киелі күнә», «Хан–Абылай–Сабалақ», «Жәбекшаған», «ГүлНәр», «Театр Романы», «Қорқыттың көрі», «Мауглидің оралуы», «Махамбет», «Қашғария», «Былыққа батқан қала», «Керкеткен» атты драмалық дастандарын жазды. «Глаза ночи» (1983), «Царь слова»(1984), «Наследник» (1988) атты кітаптары орыс тілінде жарық көрді. 1990 жылы үш томдық, ал 2006 жылы 13 томдық таңдамалысы оқырмандар қолына тиді.
2002 жылы «Қорқыттың көрі» атты жыр кітабы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш өткен жазба ақындар жырмүшәйрасының бас жүлдегері.
Айта кетейік, 23 қараша күні Иран-Ғайыптың "Мәңгілік елдің алтын адамы" драмалық дастаны сахналанып, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Иранбек Оразбаевты Сыр жұртының атынан мерейлі мерейтойымен құттықтады.
Ақынға ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтауы мен облыстың ең жоғарғы наградасы Қызылорда облысының "Құрмет" грамотасы табысталды.