Бір жасында домбырамен ән айтқан Димаш елді сүйсіндірді

479

Фото: видеодан скриншотҚазақ атын күллі әлемге паш етіп жүрген әнші Димаш Құдайберген желіде отбасылық мұрағаттағы видеомен бөлісіп, елді сүйсіндірді. Бейнежазбада бір жасқа толған Димаштың домбыраны ұстап, ән айтып жатқанын көруге болады.
Димаш Құдайберген бала күнгі видеосын Instagram парақшасында жариялаған. Бейнежазбада балақайдың ұлттық аспап домбыраны шертіп, ән салып жатқаны көрініс тапты.


 "Өзімнің алғашқы әнімді мен бір жасымда жазғанмын. Кейбір ноталар таза емес. Бірақ, мен әнімді шын жүрекпен айттым. Бұл эксклюзивтің толық нұсқасын менің Youtube арнамнан көре аласыздар", - деп жазды ол. 


Басқа кадрларда әншінің әжесі оны киіндіріп жатып, болашақта немересі жүрегі кең сымбатты жігіт болатынын айтып жатқанын көруге болады. Желі қолданушылары Димаштың кішкентай кезіне сүйсініп, өзінің жылы лебіздерін білдірді. 


"Құдайдың берген сыйы, көз тимесін", "Бала кезінен кім болатыны белгілі болған деген осы", "Димаш сен кішкентайыңнан сүйкімді болыпсың", "Тәтті балақай", "Бұл кезде осы бүлдіршіннің әлемдік жұлдыз боларын кім білген", "Керемет бастама", "Мына әнді дереу шығару керек сияқты", "Керемет орындау. Осыдан бері тоқтамай келесің", "Жарайсың Димаш. Сен біздің мақтанышымызсың", "Түк өзгермеген. Әлі де сол қалпы сүйкімді, тәтті", - деп жазуда көпшілік. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.