Мәдениет министрлігі: Еліміздің «алтын кино қоры» өртенген жоқ

367
Еліміздің «алтын кино қоры» жойылған жоқ,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Осы қиын-қыстау күндерде отандық мәдениет пен тарих мұраларының тағдырына немқұрайлы қарамайтындардың барлығын республикалық телеарналардың бірінде «Елдің алтын қоры» жойылды деген хабар толғандырды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бұл шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясынан алынған ақпарат бойынша, Алматы қаласындағы филиал ғимаратында сақталған киноматериалдарға шығын келген», деп атап өтеді ведомстводан.

Министрлік мәліметінше, бұрын «Қазақстан» РТРК 2017 жылдан 2021 жылға дейін кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағатына (ҚР МСМ ведомстволық бағынысты ұйымы) сақтауға берген киноның «Алтын қорының» 500-ге жуық сақтау бірлігі бар елеулі бөлігі бүтін және сақталған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.