Тұрмысқа шыққан Жәния Джуринская 114 адамға той жасамақ

383

Фото: https://www.instagram.com/djurinskaya/?hl=ruСүйіктісі Данияр Хизметовке тұрмысқа шыққан Жәния Джуринская алдағы уақытта үйлену тойын жасауға ниетті екенін айтты. Жақында ғана жан құрбысы Сая Оразғалиеваның қуанышында болған өнер иесі өзі де үлкен той жасағысы келіп қалғанын жеткізді.


Жәния Джуринская өз қалауы жайлы Instagram парақшасында айтты. 


"Біз үйлену тойымызды жасайтын болдық. Сенесіздер ме? Біз ұзақ жүріп ойланып, жасау керек деген шешімге келдік. Жақында біз достарымыздың тойында болып, өзімізге де жасау керектігін түсіндік. Тізім құрдық. 114 адам шықты. Енді бұл тізімді мүлдем қысқарта алмай жатырмыз. Менің жан достарымның өзі 50 адамды құрап отыр", - деді Жәния. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.