Бақыт Шадаева жеке өмірі туралы айтты
Отандық танымал әнші Бақыт Шадаева жеке өміріне қатысты бар шындықты айтты. Өнер иесі өзін сүймейтін жан жоқ екенін алға тартты. Оның сөзінше, бүгінде оған сезімін білдіріп жүрген азаматтар өте көп.
Бақыт Шадаева жеке өміріне қатысты жан сырын "Папарацци" бағдарламасында ақтарды. Эстрада жұлдызы қазіргі таңа бар көңілі бала-шағасында екенін жасырмады. Алайда, жақсы ер адам кезіксе, әнші тұрмысқа шығуға қарсы емес екенін жеткізді.
"Жеке өмірге келетін болсақ. Әрине, барлығын қызықтыратын сол. Негізі бүгінде менің бар көңілім бала-шағамда. Өйткені, қазіргі таңда мен оларға өте қажетпін. Мені сүймейтін адам жоқ негізінде. Сүйем деген адамдар өте көп. Үш-төрт азамат маған сүйетіндерін айтады. Мен тағдырыма бірге боламын деген азамат болса, әрине ойланамын. Алайда, ол да әбден ойланып барып шешілетін нәрсе. Ұрынатын кезден өттік. Қазір бәрін ойланып жасау керек. Дәл қазір менің ең бірінші ойым - менің балаларым, немерелерім. Алдымен солардың көңіліне қараймын. Солардың көзқарасына қарай мен шешемін. Мен өзімдді ойлап қалған адам емеспін. Осы күнге дейін мен шүкір деймін. Мен өте бақытты адаммын. Сүйікті өнерім бар, сүйіп тыңдайтын халқым бар, өз жанұям бар", - деді әнші.