Сәдуақасова сынға қалған Роза Рымбаеваны жақтап шықты

252
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мадина Сәдуақасова эстрада дүлділі Роза Рымбаеваға қатысты даулы оқиғаға пікір білдірді. Ол Халық әртісіне жаудырылған сыни пікірлердің орынсыз екенін айтып, көпшілікті әр адамның жеке ойына сыйластық танытуға шақырды.

Мадина Сәдуақасова Иманбек туралы пікір білдіргені үшін аяусыз сынға ұшыраған Роза Рымбаеваны жақтап, оған өз қолдауын білдірді. Әнші Instagram парақшасында жазба жариялап, бұл туындаған мәселеге қатысты не ойлайтынын аышқ айтты. 


"Қап-ай, ыңғайсыз болды-ау. Әрине, Иманбектің ремикстарын күллі әлем тыңдап, тамсанып, әлемдік деңгейдегі сарапшылар небәрі 20 жасар қазақ баласының шығармасына Grammy-ды беріп, қателеспем Орта Азиядан Grammy ұтып алған алғашқы музыкант біздің Иманбек, көрші Ресей елінің халқы біздер үшін қуанып, құттықтап жатты. Сөзсіз Иманбек бағы жанған, өте талантты , білімді , қарапайым біздің мақтанышымыз! 


Бірақ , еліміздің Халық әртісін, 40 жылдан астам өнерде еңбек етіп жүрген Роза Қуанышқызына соншама ауыр сөздер жазып, жерден алып, жерге салып жатқанын көру өте ауыр. Бұл ол кісінің жеке ойы, жасын сыйлайық, құрметпен қарайық, достар! Деймін да Иманбектің бағын ашқан, қазіргі таңда әлемді шайқап келе жатқан ремиксы "ROSES деп аталады", - деп жазды әнші.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.