Астанада «Хас шебер» фестивалі өтеді
Астана қаласының тұрғындары үшін 17-19 желтоқсан күндері «Хас шебер» фестивалі ұйымдастырылады, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен фестиваль Республика көшесі, 34 мекенжайында орналасқан «Жастар» сарайында сағат 9:00 ден 18:00 дейін өтеді.
Елімізде бұрын-соңды болмаған отандық өнімдердің белгісін білдіретін қолөнершілер туы тігіледі. Қолөнершілер туы КИнЭС рекордтар кітабына енгізіледі. Фестивальдің дресс-коды – ұлттық киім. Фестиваль барысында көрме-жәрмеңке ұйымдастырылады.
Жәрмеңкеден түскен қаржының 10 пайызы қарттар үйіне жұмсалады. Сонымен қатар қолөнершілер жұртшылыққа арнап мастер-класс өткізеді, сол сияқты қазақ халқының ұмыт болған салт-дәстүрлері және қызықты ойындар ұйымдастырылады