Жаңа фотомен бөліскен Жанболат пен Жазираға ел сүйсінді

396

Фото: https://www.instagram.com/zhazira_bairbekova/Отандық шоу-бизнестегі жарасымды жұлдызды жұптардың бірі саналатын Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова желіде жаңа суреттерін жариялап, жанкүйерлерін қуантты. Қалың көпшілік ерлі-зайыптыларға тәнті болып, өз жылы лебіздерін білдірген.


Жазира Байырбекова Instagram парақшасында жолдасымен түскен жаңа фотосессиясымен бөлісіп, елдің ыстық ықыласына ие болды. Суретте ерлі-зайыптылардың бір-біріне махаббатпен қарап тұрғанын көруге болады.


Желі қолданушылары Жанболат пен Жазираның жаңа фотосына сүйсініп, оларға өздерінің ізгі тілектерін жаудырды.


 "Керемет жұп", "Нағыз үлгілі отбасы", "Көз тимесін", "Әркез осылай бір-біріңізге тек махаббат көздерімен қарап жүре беріңіздер", "Жұптарыңыз жазылмасын. Алла тағала бірге қартаюды нәсіп етсін", "Бақытты болыңыздар", "Сіздерден үлгі аламыз", "Алдымызда осылай жарқырап жүре беріңіздер", "Сезімдері сол қалпы. Махаббаттары жыл сайын тек ұлғаюда", - деп жазуда желідегілер.