Отандық «ҚАШ» фильмі – Asian Pacific Screen Awards сыйлығына үміткер атанды

2 237

Айсұлтан Сейітовтің «ҚАШ» фильмі Asian Pacific Screen Awards сыйлығының «Үздік фильм» және «Үздік операторлық жұмыс» номинацияларына үміткер атанды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Qara production-ға сілтеме жасап. 


Марапаттау рәсімі 3 қарашада Аустралияның Голд-Кост қаласында өтеді. 2007 жылы құрылған, беделді Asia Pacific Screen Awards марапаты Азия-Тынық мұхиты аймағындағы 70-тен астам ел мен аймақ режиссерлерінің жұмысын көрсетеді.


«ҚАШ» фильмінде 1930 жылдардағы жаппай ашаршылық туралы баяндалған. Фильм сюжеті бойынша қабір қазушы Исатай өз ауылын құтқаруға аттанады. Шексіз дала түнекке айналып, Исатайдың санасын екі күш – кеңістік пен аштық билейді.


Айсұлтан Сейітовтің «ҚАШ» фильмі – Asian Pacific Screen Awards сыйлығына үміткер 


Бұған дейін фильм 25-ші Шанхай кинофестивалінде «Үздік режиссер» аталымына ие болды. Сондай-ақ Қазақстан киносыншылар қауымдастығының «Үздік дебют», «Екінші пландағы үздік әйел рөлі», «Үздік музыка» және «Үздік фоторежиссер» номинацияларында жеңіске жетті.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.