Театр және кино актері Сағи Әшімовтің құрметіне мемориалдық тақта ашылды

2 583

Алматыда театр және кино актері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сағи Асанәліұлы Әшімовтің құрметіне мемориалдық тақта ашылды,- деп хабарлайды " Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ашылу салтанатына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, Халық артистері мен Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткерлері қатысты. 


Сағи Әшімов “Өз дәніңді өсір", "Мазасыз балалар", "Ойлануға бір ай" және т.б. 20-дан астам фильмге түскен. Ол әкесі Асанәлі Әшімовтің "Шоқан Уәлиханов" атты 4 сериялы фильмінде басты рөлді сомдады. Әшімов 1999 жылы "Тоғысқан тағдырлар" атты алғашқы қазақстандық сериалдың түсірілімі кезінде қайтыс болды.


Мемориалдық тақта Достық даңғылы, 40 (Қабанбай батыр көшесінің қиылысы) мекенжайында орнатылған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.