Республикалық этно-фестивальде «Шолпы тағу» дәстүрі көрсетілді

2 530

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі«Бозоқ» музей-қорығында республикалық этно-фестиваль ұйымдастырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында республикалық этно-фестиваль өтті. Іс-шара барысында көпшілік назарына «Шолпы тағу» дәстүрі көрсетілді. 


Фестивальге мемлекеттік органдар өкілдері, ғалымдар, археологтар, этнологтар, оқытушылар мен студенттер қатысты. Қонақтар ұлттық дәстүрлерді тамашалап қана қоймай, өздері де қатысып, салт-дәстүрдің насихатталуына атсалысты. 


ҚР МАМ Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова мәдени мұраның сақталуы халықтың тәрбиесі мен біліміне айтарлықтай әсер ететінін атап өтті.Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

«Мемлекет басшысы материалдық және материалдық емес мәдени мұраны сақтауға көп көңіл бөледі. Рухани мұра – мемлекет құндылықтарының бірі. Әлемдік тәжірибеде мәдени мұра аса маңызды әлеуметтік функциясы бар мәдениеттің бір бөлігі ретінде қабылданады», – деп атап өтті Күміс Сейітова.


Бойжеткен қыздар тағатын шолпы мен шашбау әшекейлері тек сәндік тұрғыда қолданылмайды, оның қазақ мәдениетіндегі мәні мен маңызы өте терең.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.