Луврда қазақ өнерінің көрмесін өткізуге келіссөз жүріп жатыр

2 526

Фото: PixabayПариждегі әйгілі Лувр музейінде қазақ өнерінің көрмесін өткізу мақсатында келіссөздер жүріп жатыр. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова мәлім етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Жақын арада Мәдениет және ақпарат министрі бастаған топ өкіл Францияға барып Лувр мұражайында көрме ұйымдастыру жағын талқылады. Биыл Франция астанасы Париждегі Гиме шығыс өнері музейінде Ұлттық музейдің көрмесі өтеді. Ал Лувр бойынша келіссөздер жүріп жатыр», - деді Күміс Сейітова 60-шы Венеция өнер биенналесінде Қазақстанның көрмесін ұйымдастыруға орай өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, өткен жылы ақпанда сол кездегі Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Луврда қазақ өнерінің көрмесі өтетіні туралы мәлімдеген еді. 

Былтыр күзде министрлікке қарасты Мәдениет комитетінен Лувр музейіне қойылатын ұлттық павильонның жобасы әзірленіп жатқаны айтылды.