Түркі елдері Ясауи мұрасын бірлесе дәріптейді

2 207

Фото: pinterest.comАстанада ұлы ойшылдың ілімін дәріптеуге арналған халықаралық конференция өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оған Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Қазақстанның дін өкілдері, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты. Олар жиында ұсыныстарын айтып, пікір алмасты. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қожа Ахмет Ясауи мұрасының түркі жұрты үшін маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ Сенат Төрағасы ғұламаның есімін ұлықтап, оның адамзатты ізгілік пен мейірімділікке шақыратын еңбектерін жан-жақты зерделеуге Мемлекет басшысы үнемі баса мән беріп келе жатқанына тоқталды. 

Мәулен Әшімбаев, ҚР Сенат Төрағасы: - Ясауи ілімінің берері мол. Себебі Ясауи түркілік таным мен ислам қағидаларын шебер үйлестіре алған тұлға. Сондықтан Ясауидің ілімін бағдар етіп ұстану рухани бағдарымызға назар аудару баршамыз үшін маңызды екені сөзсіз.
 Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ Бас мүфтиі: - Біз осы бабамыздың керемет еңбегін елге кеңінен насихаттасақ, ізгі қоғамды құратын боламыз. Мемлекет басшысы Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда да Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың ілімін қоғамға кеңінен насихаттау жөнінде айтқан болатын.





OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.