Мөлдір Әуелбекова анасына ерекше сыйлық тарту етті
425
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мөлдір Әуелбекова анасына аса бағалы сыйлық тарту етіп, оны қатты қуантты. Өнер иесі әсерлі сәтімен Instagram парақшасында бөліскен.
Видеода Мөлдір Әуелбекованың анасына алтын алқаны сыйлап жатқанын көруге болады. Әнші оны қорапшасынан алып шығып, анасының қолына тағып береді.
Өнер иесі ата-анасын еш себепсіз қуантқанды қатты жақсы көретінін алға тартты. Ол өміріндегі маңызды жандарға барынша көңіл бөлуге тырысып жүргенін айтты. Әртістің сөзінше, ата-анасы перзентінің мұндай қарым-қатынасына үйреніп қалған.
"Анашым - Жәннәтім. Ата-анама еш себепсіз сыйлық сыйлағанды жақсы көремін. Мейлі ол алтын болсын, мейлі ол гүл болсын, мейлі жәй ғана құшақтау мен жылы лебіз болсын. Ең бастысы көп көңіл бөліп оларды жиі жиі қуанышқа бөлеу! Алтындарым өздері де үйреніп алған жиіленген көңілге. Кейде әкеме сәл көңіл бөлмей қойсам, "Қызым, бізге көңіл бөлмей кеттің" - деп білдіріп еркелеп қояды. Мен ата-анамды көп еркелетемін", - деп жазды Әуелбекова.
Желі қолданушылары Мөлдірдің игі әрекетіне тәнті болып, оған деген ыстық ықыласын білдірді.