Көпке беймәлім ақынның өлеңдері табылды
569
Қарағандылық өлкетанушылар Нұржан Шоңұлының елге танылмаған мұраларын тапты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Айдаржан Балтабайұлының тапқан мәліметтеріне сүйенсек Нұржан Шоңұлы 1860-1933 жылдар аралығында өмір сүрген. Қарқаралы ауданы Темірші ауылында дүниеге келген. Қарқаралы ол кезде уез, ал Темірші болыс еді. Семей губерниясында қайтыс болған. Кедей отбасынан шыққан. Руы – қырғыз. Ауыл молдасынан сауат ашқан. Нұржан ақын тіпті ұлт көсемі Әлихан Бөкейханмен жолдас болған деген деректер де бар.
Нұржан Шоңұлы туралы осы уақытқа дейін неге айтылмады деген заңды сауалдың жауабы осындай. Ақын өз өлеңдерін қойын дәптерге жазған.
Міне, сол жазбаларын Біләл есімді баласына аманаттапты. Ал Біләлдан Сейітқазы Әбдіразақов деген аталас туысқаны алған. Айдаржан Балтабайұлының сөзінше, өлеңдер жазылған 500 беттік қойын дәптерді қорға сол туысқаны тапсырған. Өлкетанушы бұрын-соңды еш жерде жазылмаған, еш жерде айтылмаған Нұржан Шоңұлы туралы Ақтоғайдағы ақсақалдардан естіпті. Деректерді іздеп көріп, таппаған. Өзінің кезекті еңбегін жазу барысында ойламаған жерден ақын туралы естіп қалыпты. Сол сәттен бастап зерттеуге кіріскен.

«Бұл кісінің жазбалары бәрі ескіше, яғни арабша жазбалар. Қазіргі уақытта бұл жазбаларды кез келген адам оқи алмайды. Сөздеріне дауысты дыбыстарды қоймайды. Сол себепті де зерттеу жүргізу күрделі болған. Негізінде Нұржан Шоңұлы білімді, сауатты ел ақыны болған. Атының шықпау себебі - өлеңдері жазылған дәптер керек жерге жетпеген», - дейді өлкетанушы.
Нұржан Шоңұлы туралы осы уақытқа дейін неге айтылмады деген заңды сауалдың жауабы осындай. Ақын өз өлеңдерін қойын дәптерге жазған.
Міне, сол жазбаларын Біләл есімді баласына аманаттапты. Ал Біләлдан Сейітқазы Әбдіразақов деген аталас туысқаны алған. Айдаржан Балтабайұлының сөзінше, өлеңдер жазылған 500 беттік қойын дәптерді қорға сол туысқаны тапсырған. Өлкетанушы бұрын-соңды еш жерде жазылмаған, еш жерде айтылмаған Нұржан Шоңұлы туралы Ақтоғайдағы ақсақалдардан естіпті. Деректерді іздеп көріп, таппаған. Өзінің кезекті еңбегін жазу барысында ойламаған жерден ақын туралы естіп қалыпты. Сол сәттен бастап зерттеуге кіріскен.
«Еркін күрестен Қазақстанның 11 дүркін чемпионы Жұмабай Жандығұлов деген палуанның үйінде қобдиша бар. Сол қобдишаның ішінде біраз деректер болды. Ол кісі маған 2016 жылы хабарласып, сол деректерді бергісі келетінін айтты. Ескіше жазуды оқи алады екенмін. Сосын қағаздардың бәрін аудар деп маған берді», - дейді өлкетанушы Айдаржан Балтабайұлы.