Алматы қуыршақ театры халықаралық фестивальде бас жүлдені иеленді

2 679

Фото:  Мәдениет және ақпарат министрлігіАлматы қуыршақ театры Канадада өткен халықаралық театр фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл туралы театр директоры Алмат Амангелді мәлімдеді.

2024 жыл Мемлекеттік қуыршақ театры үшін тарихи жыл болды. Канадада Гран-при жеңіп алған театр қазақстандық қуыршақ өнерінің әлемдік мойындауға лайық екенін дәлелдеді. Бұл жеңіс – театр ұжымының орасан зор еңбегінің нәтижесі. Біз өнеріміздің әлемдік деңгейге көтеріліп, қазақстандық көрермендердің ғана емес, шетел азаматтарының да таңданысын тудыратынына қуаныштымыз, – деп атап өтті Алмат Амангелді.

Айтуынша, бұдан бөлек театр Грузиядағы халықаралық фестивальде «Үздік режиссер» сыйлығын жеңіп алды. Сондай-ақ, Беларуссияда өткен «Ляльки над Неманом» фестивалінде қазақстандық қойылым арнайы дипломға ие болды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.