Алматыда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының 90 жылдығына арналған кітап көрмесі ашылды

2 733

Фото:  Мәдениет және ақпарат министрлігіҚР Ұлттық кітапханасында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының 90 жылдығына арналған «Шуағын төккен өрнектер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Көрменің мақсаты оқырмандарға Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының тарихы мен даму кезеңін көрсетіп таныстыру.

Көрмеге Ұлттық кітапхана қорынан 200 басылым, соның ішінде кітаптар, журналдар, күйтабақтар мен CD-дисклер қойылған.

Көрме екі бөлімнен тұрады.

«Филармонияның өсу жолы» атты бірінші бөлімде Қазақ филармониясының өмірбаяндық ақпараты мен тарихын қамтитын әдебиеттер ұсынылған.

«Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы – бүгін» атты екінші бөлімде музыкалық шығармашылығы, көрнекті музыканттар мен ұжымдар, сондай-ақ филармонияның қазіргі жетістіктері туралы әдебиеттер бар.

Кітап көрмесі 28 ақпанға дейін жалғасады


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.