Әйгілі саундтректер концертін ұйымдастыру үшін рұқсат алудың қажеті жоқ

2 569

Фото: freepik.comМәдениет және ақпарат министрлігі  елде кино, мультфильм, телетоптама саундтректерінен концерт ұйымдастырудың тәртібі туарлы мәлімет берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қазір Астана, Алматы сияқты қалаларда әйгілі кинотуындылардың саундтректерінен концерт ұйымдастыру сәнге айналып келеді. Кейбір сарапшылар бұл концертті ұйымдастырушылар халықаралық авторлық құқық талаптарын сақтай бермейтінін айтады.


"Кино, мультфильм, телетоптама саундтректерінен ұйымдастырылатын концерттер коммерциялық жобалар болып есептеледі. Сонымен қатар, Қазақстанда аталған жобаларды өткізу үшін лицензия алу, ресми тіркеу қолданылмайды. Аталған жобаларды өткізу кезінде ұйымдастырушылар ҚР Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар туралы заңын ескеру қажет. Сондай-ақ, уәкілетті орган коммерциялық концерттерді өткізіп ұйымдастыруы үшін рұқсат бермейді.", - деп жазылған жауапта.