Қазақ әшекейінен «Картьеге» дейін: көне зергерлік жәдігерлер көрмесі өтті
ҚР Ұлттық архиві Халықаралық әйелдер күніне орай көне зергерлік бұйымдар мен тарихи қолжазбалар көрмесін өткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Белгілі этнограф-коллекционер Бахаргүл Төлегенқызы жылдар бойы жинаған құнды зергерлік бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды. Халқымыз әсемдік үшін тағатын әшекейінен бастап, күнделікті тұрмыс бұйымдарына дейін сахараның сан алуан тасымен нақыштап, ою-өрнекпен көркемдеген. Халқымыздың тұрмыста қолданған ою-өрнектерін интеллектуалдық-эстетикалық дүниетанымынан туған көркемөнер туындысы деуге болады. Осылайша Б. Төлегенқызының жеке қорында қазақ даласынан табылған V-XX ғасырға тиесілі алқа, тұмарша, өңіржиек, жүзік пен сырға түрлері жинақталған.