Alem.AI халықаралық ЖИ орталығы ашылады

2 615

Фото: BAQ.KZЦифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қазақстанда Alem.AI атты халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылатынын мәлімдеді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі BAQ.KZ-тің Youtube каналына сілтеме жасап. 

Министрдің айтуынша, бұл орталық архитектурасы мен мазмұны жағынан бірегей жоба. Оның мақсаты елімізде ЖИ индустриясын жедел дамыту, ғылыми зерттеулерді қолдау, инновациялық өнімдерді коммерцияландыру және салаға инвестиция тарту. Орталық EXPO аумағындағы 8 қабатты шар пішінді ғимаратта орналасады және әр қабат жасанды интеллектінің өмірлік циклінің бір сатысын қамтиды.

Қабаттарға бөлінген құрылым келесідей болады.

1-қабат – Қоғамдық кеңістік:

ЖИ туралы кең ақпарат беретін ашық алаң. Мұнда форумдар, хакатондар, көрмелер, стартап-питчтер, байқаулар, кинотеатр мен ЖИ-кафе секілді интерактивті алаңдар жұмыс істейді. Мақсат – жылына кемінде 10 000 адамды жасанды интеллект саласына тарту.

2–3-қабат – TUMO мектебі:

9–12 сынып оқушыларына арналған цифрлық және креативті бағыттардағы оқыту ориталығы болады. Бұл бағдарлама Армениялық TUMO Ventures қолдауымен жүзеге асады. Жылына 1000 оқушыны қамту көзделген.

4–5-қабат – Tomorrow School:

01EDU платформасында жұмыс істейтін peer-to-peer (тең деңгейде оқыту) мектебі. Оқу ұзақтығы – 18 ай. Студенттер 50-ден астам жоба жасап, 20-дан астам бағдарламалау тілін меңгереді.