Ақтауда ұшақ апатында көз жұмған экипажға арналған ескерткіш салтанатты түрде ашылды

2 761

Фото: liter.kzАқтау әуежайы маңында 2024 жылдың 25 желтоқсанында апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағының экипажын еске алу мақсатында ескерткіш орнатылды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі liter.kz басылымына сілтеме жасап.

Баку – Грозный бағытында ұшқан ұшақ қону алдында апатқа ұшырады. Апат салдарынан 3 экипаж мүшесі мен 38 жолаушы мерт болды. Сол сәтте ұшақ бортында 67 адам болғаны анықталды.

Ескерткіш Әзербайжан азаматтары – ұшақ командирі Александр Кальянинов пен бас бортсерік Хөкүм Алиеваның құрметіне арналды. Мемориал тақтасында олардың ерлігі атап көрсетілген. Ескерткіштің ашылу рәсіміне марқұмдардың туыстары мен әріптестері, қоғам өкілдері және ресми тұлғалар қатысты. Жиналғандар бір минут үнсіздікпен құрбандарды еске алып, ескерткішке гүл қойды.