Елімізде «Балуан тас сапары» экспедициясы өтеді

2 534

Фото:© arqau.kzТүркістан облысында «Қазақ күшінің картасы» жобасы аясында «Балуан тас сапары» экспедициясы өтеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған мәдени-танымдық жоба ұлттық баһадүрлік мұраны жаңғыртуға бағытталған. Жоба авторы - күш мәдениетін зерттеуші Абылайхан Қалназаров. Экспедицияны «Baluan tas» ұлттық спорт түрлері және мәдениеті академиясы жүзеге асырған. Сапар бағыты Шымкент қаласы мен өңірдің бірқатар аудандарын қамтымақ. Қатысушылар Сайрам, Ордабасы, Отырар, Бәйдібек, Созақ, Сауран аудандары мен Түркістан қаласын араламақ. Жоба авторының айтуынша, экспедиция мазмұны ауқымды әрі көпқырлы.

- Экспедиция барысында біз 13 тарихи балуан тас нысанын зерттеп, қазақтың дәстүрлі күш мәдениетіне қатысты деректерді зерделейміз. Бағдарлама аясында бірқатар киелі орындарға зиярат ету жоспарланған. Сонымен бірге сапар аясында Отырар ауданының Шәуілдір ауылында көне күштік рәсімдердің бірі қайта жаңғыртылып, мәдени реконструкция жасалады, - дейді Абылайхан Қалназаров.

Экспедицияға журналистер, блогерлер, ғалымдар мен спортшылардан құралған арнайы топ қатысады.  «Қазақ күшінің картасы» жобасы өткен жылы Наурыз мейрамында елордада бастау алған. Ақтөбе және Павлодар облыстарына экспедициялар ұйымдастырылған. Түркістан бағыты жобаның рухани-тарихи тұрғыдан маңызды кезеңдерінің бірі саналған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.