"Serjan Bratan" веб-сериалы Лос-Анджелесте өтетін фестивальге жолдама алды

386

Salem social media түсірген "Serjan Bratan" веб-хикаясы "Stareable Fest LA" халықаралық фестивальдің байқау бағдарламасына іріктеліп алынды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Фестивальге 25 жоба жолдама алды, деп хабарлайды Экспресс К. "Serjan Bratan" веб-сериалы "Scripted live-action comedy" аталымы бойынша сынға түседі.

Stareable Fest — бұл жыл сайын АҚШ-тағы тәуелсіз теле және веб-сериалдарды іріктеп алатын фестивальдердің бірі.

"Stareable веб-сериалдарға тиісті назар аударып, қолдау көрсететін жоба. Алғашқы кезде көрерменге түрлі жобаларды көрсететін сайт ретінде ашылды. Кейін фестивалге айналды. Біз веб-сериалдар мен тәуелсіз телешоуларды түсіретін режиссерлерді Голливудтың ең ірі компанияларымен байланыстарамыз", — дейді "Stareable Fest LA" фестивалінің негізін қалаушы Аджай Кишор.

Stareable Fest фестивалінің серіктестері арасында Disney, HBO, BBC America, Warner Bros.Entertainment сынды компаниялар бар.


Бұл байқаудың қазылар алқасын 23 жылдан кейін жансақтау бөлімінде оянған Рэкетир Сержанның ерекше оқиғасы қызықтырған. Өткен жылы веб-сериал ең үздік сериалдардың бірі болды. 12 бөлімнен тұратын хикаяны Aitube видеохостингінде 80 миллионнан астам адам тамашалаған.

Байқау 21-24 сәуірде Лос-Анджелесте өтеді.