Елордалық опера әншісі Башқұртстанның халық әртісі атанды

409
Опера әншісі Альфия Каримова «Башқұртстан Республикасының Халық әртісі» құрметті атағына ие болды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанға үш күндік ресми сапары аясында Башқұртстан басшысы Радий Хабиров марапатты әншіге табыстады.

Альфия "Астана Опера" театрының әншісі.2015 жылы жетекші солист «үздік әйел дауысы» номинациясында The opera ball award сыйлығын алды.

Әншінің қоржынында халықаралық байқаулардағы көптеген жеңісі бар, оның ішінде Н.Римский-Корсаков атындағы (Санкт-Петербург, Ресей, 2006) байқау, Ф.Виньяса атындағы халықаралық (Барселона, Испания, 2007) байқау бар. Ол - «Золотая маска» ұлттық театр сыйлығының номинанты (Ресей). Сондай-ақ, 2007 жылы Альфия Бибігүл Төлегенованың Халықаралық вокалистер байқауының гран-при иегері атанды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.