Қазақстандық жас режиссерлер халықаралық кинофестивальдерде үш жүлде жеңіп алды

2 507

Фото: turkystan.kzТемірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының білім алушылары Канада мен Ресейде өткен халықаралық кинофестивальдерде үш жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Оттава қаласында өткен Loon Film Festival фестивалінде үшінші курс студенті Ерхат Ерсайынов «Потерянный остров» фильмімен үшінші орын алды.

Табиғат, бейбітшілік және жануарларды қорғау тақырыбындағы көркем, деректі, анимациялық және эксперименттік фильмдерді қамтитын фестиваль жас кинематографистерді қолдау мақсатында ұйымдастырылады.

Академияның студенттері тағы екі жүлдені Мәскеуде өткен IV «Восхождение» халықаралық студенттік фестивалінде иеленді. Байқауға ТМД-ның жеті елінен 50 фильм ұсынылды.

«Анимация режиссурасы» білім беру бағдарламасының түлегі Бауыржан Адаев «Пуповина» фильмімен «Анимациялық фильмнің үздік режиссурасы» аталымында жеңімпаз атанды. Ал «Көркем фильм режиссурасы» бағытының төртінші курс студенті Мырза Махамбеттің «Май» картинасы «Актерлік шеберліктегі алғашқы қадамдары үшін» қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.