«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі еліміздің кинотеатрларында көрсетілуде

2 205

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген «Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясының негізіндегі толықметражды көркем фильмі еліміздің барлық кинотеатрлар желісі арқылы көрермендерге жол тартты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Тарихи туынды Алаш қайраткері, ақын, жазушы Міржақып Дулатұлының 1909-1935 жылдардағы өмір кезеңін қамтиды. Телехикаяда бас кейіпкер Міржақып Дулатовтың рөлін Бақыт Қажыбаев, жары Ғайнижамалдың рөлін Зарина Кармен, ақынның қызы Гүлнар Дулатованың рөлін Гүлжан Әспетова ойнады.


Сериал режиссері – Мұрат Есжан. Телехикая өткен жылы «Qazaqstan» арнасының эфирінен және YouTube желісі арқылы орыс, ағылшын тіліндегі субтитрлермен ұсынылып, үлкен аудиторияның қызығушылығына ие болды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.